«ҚАРЖЫ АКАДЕМИЯСЫ» АҚ-ның құрылу тарихы
«Қаржы академиясы» АҚ Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Қаржы жүйесі органдарының мамандарын даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттыру орталығы» АҚ-ы (бұдан әрі – Орталық) Директорлар Кеңесінің 2009 жылғы 09 маусымдағы шешімінің және «Орталық» Президентінің 2009 жылғы 10 маусымдағы №63/п бұйрығының негізінде «Ақмола қаржы-экономикалық колледжі» АҚ базасында құрылды.
«Қаржы академиясы» АҚ-ын құрудағы мақсат - мемлекеттік білім беру стандарттары мен халықаралық талаптар деңгейінде қаржы жүйесі, бухгалтерлік есеп, аудит, экономика, ақпараттық жүйелер үшін терең білімді және білікті, тез өзгеріп тұратын өмір шындығына орай барабар әрекет жасауға қабілетті, Қаржылық есептіліктің халықаралық стандарттарын (ҚЕХС) және Аудиттің халықаралық стандарттарын (АХС) меңгерген, халықаралық және республикалық еңбек нарығында бәсекеге қабілетті, білікті мамандар даярлау.
1965 жылы типтік оқу-зертхана корпусы пайдалануға берілді, онда 1 қыркүйекте алғашқы 450 оқушы партаға отырады.
1967 жылы орта кәсіби білімді мамандардың алғашқы түлектері оқу бітіріп шықты.
1967 жылы 630 орындық жатақхана пайдалануға берілді.
1975 жылы КСРО Министрлер Кеңесінің 1975 жылғы 16 мамырдағы №1174 қаулысымен техникум Қазақ КСР Қаржы министрлігінен КСРО Қаржы министрлігіне берілді.
1995 жылы Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінің 1995 жылғы 08 қыркүйектегі №229 бұйрығымен «Ақмола қаржы-экономикалық колледжі» (бұдан әрі – АҚЭК) болып өзгертілді.
1999 жылы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 11 қаңтардағы №20 қаулысымен «Ақмола қаржы-экономикалық колледжі» Республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны (бұдан әрі – АҚЭК РМҚК) болып қайта өзгертілді.
2001 жылы АҚЭК «2001 жылдың үздік колледжі» Республикалық конкурстың жеңімпазы атанды.
2002-2008 жылдарда АҚЭК РМҚК базасында техникалық және кәсіптік білімнің экономикалық мамандықтары бойынша Республикалық оқу-әдістемелік бірлестік (РОӘБ) құрылды және жұмыс істеді.
2005 жылы колледж ҚР БжҒМ-нің Білім және ғылым саласындағы қадағалау және аттестациялау комитетінің 2005 жылғы 02 ақпандағы №448 бұйрығы негізінде мемлекеттік аттестациядан өтті.
2006 жылы колледжде сапа менеджмент жүйесінің (СМЖ) сертификаттау аудиті жүргізілді. Соның нәтижесінде колледж техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру бағыттары бойынша сербиялық «EVROCERT» сертификаттау ұйымының, австриялық «IQS» сертификаттау ұйымының, «IQnet» халықаралық сертификаттау ұйымының және қазақстандық «EUROASIA MS» сертификаттау ұйымының білім беру қызметін көрсету саласында сертификаттар алды.
2007 жылы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 24 шілдедегі қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігінің «АҚЭК» РМҚК-ы біріктіру жолымен «Қаржы жүйесі органдарының мамандарын даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттыру орталығы» АҚ болып қайта құрылды. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің 2007 жылғы 28 желтоқсандағы №490 бұйрығы негізінде «Қаржы жүйесі органдарының мамандарын даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттыру орталығы» АҚ-ы еншілес ұйымы «Ақмола қаржы-экономикалық колледжі» АҚ-ы құрылды.
2008 жылғы 15-17 мамыр аралығында колледж ҚР БҒМ Білім және Ғылым саласын бақылау Комитетінің 2008 жылғы 05 мамырдағы №599 бұйрығына сәйкес Қазақстан Республикасынының білім беру туралы заңнамасын және білім беру қызметін лицензиялау ережелерін сақтауға тексеру жүргізді.
2009 жылы Ақмола қаржы-экономикалық колледжі базасында «Қаржы академиясы» АҚ құрылды.
Елдің білім беру нарығында жұмыс істеген жылдары АҚЭК қаржы жүйесі үшін кадрлар даярлаудың үйлесімді құрылымын жасады, сонымен бірге қажетті оқу-материалдық база және жоғары білікті профессор-оқытушылар құрамын қалыптастырды.
2013 жылы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 27 тамыздағы № 867 « Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің кейбір мәселелері туралы» қаулысымен қайта құру жүргізіліп, «Қаржы жүйесі органдарының мамандарын даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттыру орталығы» акционерлік қоғамы мен «Қаржы академиясы» акционерлік қоғамы бірігіп «Қаржы академиясы» АҚ болып жарғылық капиталы мемлекет қатысуының жүз пайыздық үлесімен бірікті.


