Жоғары оқу орнынан кейінгі білім факультеті
Жоғары оқу орнынан кейінгі білім факультетінің негізгі қызметі жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын жүзеге асыру болып табылады.
Академияда жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің мамандарын даярлау 30.07.2009 жылғы №0064064 мемлекеттік лицензиясына сәйкес 2010 оқу жылынан басталады. Жоғары оқу орнынан кейінгі білім факультетінің жұмысы еңбек нарығына қажетті қаржы жүйесі, менеджмент, экономика салаларына білікті және бәсекеге қабілетті мамандарды даярлауға бағытталған. Бұл үшін 2012-2013 оқу жылына Факультет білім алушылардың тұрақты контингентін жинады, материалдық-техникалық қор нығайтылды, кітапхана қоры ғылыми және оқу әдебиеттерімен толықтырылды, кафедралар жоғары білікті профессор-оқытушылар құрамымен, жеткілікті оқу және ғылыми алаңмен (кеңістікпен) және басқа да негізгі құралдармен қамтамасыз етілді.
Магистратурадағы оқу үдерісі ҚР білім және ғылым Министрінің 18.03.2008 жылғы №125 бұйрығымен бекітілген (ҚР ӘМ-де 2011 жылғы 25 сәуірдегі №6900 тіркелген) Білім алушылардың үлгерімін ағымдағы бақылау, аралық және қорытынды аттестаттаудың үлгі ережесіне сәйкес жүзеге асырылады. Магистратурада білім беру тек күндізгі оқыту түрі бойынша жүргізіледі.
Барлық оқу-әдістемелік материалдар құрастырылған, оқытудың кредиттік технологиясының талаптарына сәйкес келеді.
Академияның магистратурасында мамандарды даярлау келесі мамандықтар бойынша ғылыми-педагогикалық және бейіндік бағыттар бойынша жүргізіледі:
- 6М050600 «Экономика»
- 6М050700 «Менеджмент»
- 6М050800 «Есеп және аудит»
- 6М050900 «Қаржы»
1) Бейіндік бағыт (оқу мерзімі 1 жыл) экономика, басқару және бизнес, салалары үшін тереңдетілген кәсіптік дайындығы бар басқару кадрларын даярлау бойынша жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын жүзеге асырады.
2) Ғылыми-педагогикалық бағыт жоғары, жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру және ғылыми орта үшін тереңдетілген ғылыми-педагогикалық дайындығы бар ғылыми және педагог кадрларды даярлау бойынша жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын жүзеге асырады.
Факультеттің құрамына 2 шығарушы «Қаржы», «Экономика және менеджмент» кафедралары және 3 қызмет көрсетуші «Есеп және аудит», «Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер», «Жаратылыстану-техникалық пәндер» кафедралары кіреді.
Кафедралардағы ғылыми зерттеу жұмысы алдыңғы қатарлы ғылым докторлары, профессорлар, ғылым кандидаттары, доценттер, философия докторларының (Ph.D) ғылыми бағыттарына негізделе орындалады.
«Қаржы» кафедрасында э.ғ.д., профессор З.Д.Искакованың басшылығымен «Қазақстанның тұрақты дамуын қамтамасыз етудегі мемлекеттік қаржы» бастамашыл тақырыбы орындалады. Ол келесі бөлімдерден тұрады:
- «Қаржы және қазіргі қаржы-несие қатынастарының мәселелері» (Искакова З.Д.);
- «Халықаралық қаржы-валюталық қатынастарды жетілдіру» (э.ғ.д. Калиева Г.Т.);
- «Қазақстан экономикасын қаржыландыру және инвестициялау мәселелері» (э.ғ.д., доцент Есымханова З.К.);
- «Қазақстандағы қаржы-несие механизмін жетілдіру» (аға оқытушы Баймамыров Б.А.);
- «Қаржы нарығы және Қазақстанның қор нарығының дамуы» (э.ғ.к. Тлеужанова Д.А.).


