• Русский(RU)
  • Казахский (KZ)

Колледж

Колледж туралы ақпарат

Бакалавриат

Жоғары білім факультеті

Магистратура

Жоғары оқу орнынан кейінгі білім факультеті

Қосымша кәсіптік білім беру факультеті

ACCA

АССА Оқу бағдарламалары

 

АО «Финансовая академия» получил статус Компьютерного экзаменационного центра (Computer based exam - CBE) Ассоциации профессиональных сертифицированных бухгалтеров (ACCA). Статус СВЕ позволяет принимать экзамены в режиме онлайн

2015жылы 24 қарашада Астана қаласы Қаржы академиясында тарих ғылымдарының докторы, профессор Дүкенбаева З.О. «Президенттің ЕурАзЭҚ-ны қалыптастыру және шоғырландырудағы рөлі»  тақырыбында студенттер мен мұғалімдердің арасында ашық  сабақ өткізді.

Аханов Азамат және Бектемирова Мадина  өздерінің жұмыстарын  қорғау барысында, тыңдаушыларға Н.Ә.Назарбаевтың егемен республикалардың арасында Еуразиялық одақты құру туралы идеясын алға тартқандығын айтты. Арман – жарық жұлдыз, онсыз айқын бағдар жоқ, бағдар болмаған соң, алға  басу да жоқ, тірлік те жоқ демекші, Нұрсұлтан Назарбаевтың сөзін саралай келе, ең алдымен, барлығы идеяға байланысты екендігін атап көрсетті. ҚР Елбасы Еуразиялық одақтың негізгі тұжырымдамасы- ол әрбір  мүшелерінің мүдделерін және интеграциялық процесін пайдамен қамтамасыз етілуін қарастыратынын айтқан болатын.

 Президент  Еуразиялық одақты құру туралы идея еліміздегі қиын кезеңде пайда болғандығын  және ол идеяны қолдаушылардың да, қолдамаушылардың да көп екендігін атап көрсетті.

Қаржы академиясының студенттері мен оқытушылары бұл тақырыпқа белсене араласты және өз ойларын ашық айтып отырды. Н. Назарбаев Еуразиялық Одақтың негізгі қызметі Кеңес одағын қалпына келтіру немесе «жаңа имериялық модельді» құру үшін емес, Ресей, Белорусия сияқты алпауыт мемлекеттердің позициялары басты назарға алынатындығын айтты.

Ашық сабақтың соңында барлық қатысушылар мен тыңдаушылар бір ойға келіп, елбасымыз интеграциондық процеске теңгерімді тәсіл жүргізу арқылы кіретінін және негізгі мақсаты   трансшекаралық қызметтердің еркін қозғалысын, капитал және еңбек ресурстарын, сондай-ақ ұлттық заңнамаларды үйлестіру, бес елдің экономикалық саясатын жақсарту екендігін айтты.

Құрметті  сырттай оқу бөлімінің 1 курс студенттері!

 

2015ж. 30-шы Қарашасынан  2016ж. 22-ші Қаңтарға дейін (30.11.2015-22.01.2016) сырттай оқу бөлімінің 1 курс студенттерінің сессиясы өтеді.

Ақпарат алу үшін жоғары білім беру факультетінің деканатына                  (№2 оқу ғимараты, Ш.Уалиханов көш., 11, 2-ші қабат, №25 каб.)                         +7 (7172) 20-04-27 телефоны арқылы хабарласыңыздар.

Барлық студенттердің сессияға қатысуы міндетті болып табылады!

 

«Есеп және аудит» кафедрасы апталығының есебі

«Қаржы академиясы» АҚ 05.10 – 09.10.2015ж күндері аралығында «Есеп және аудит» кафедрасының апталығы болып өтті.

05.10.2015ж күні апталықтың ашылуын кафедра меңгерушісі Г.Д.Аманова ашты.  

УКС-33, УРС-34, УР-42, УР-22, УК-21, УР-32, УРС-24, УКС-23 топтарының қатысуымен арнайы «Бухгалтерлер әлемінде» атты викторинаны УР-42 тобының студенті Сагимбаева Эльмира ұйымдастырды.

«Бухгалтерлік есеп» пәніне қатысты викторинада қойылған сұрақтарға жақсы жауап берген студенттер: УР-42 тобынан Ибраев Мадияр, УК-21 тобынан Максатова Бибигүл, УК-31 тобынан Мергали Кулай,  УР -22 тобынан Карбен Алма мақтау қағазымен марапатталды.  

ҚҰРМЕТТІ ӘРІПТЕСТЕР!

 

Сіздерді ҚР Қаржы министрлігінің «Қаржы академиясы» АҚ өткізілетін «Еуразиядағы интеграциялық үрдістердің инновациялық бағыттары» атты Халықаралық ғылыми-тәжірибелік сырттай конференциясына қатысуға шақырамыз.

 

Конференция келесі секциялар бойынша өткізіледі:

 

  1. ЖОО-ның білім беру аясындағы инновациялық технологиялары.
  2. Ғылым мен бизнестің перспективалары, нысандары мен интеграция механизмдері және олардың инновациялық экономиканы қалыптастыруда алатын орны.
  3. Инновациялық қоғамды дамытуда ақпараттық технологиялардың алатын рөлі.
  4. Қазақстанның халықаралық көлік-коммуникациялық ағынына интеграциясы.
  5. Тұрақсыз сыртқы орта жағдайындағы еуразиялық өңірдің қаржы-валюталық потенциалы.
  6. Еуразиялық өңірдің әлеуметтік модернизациясы: мәселелері, факторлары және қамтамасыз ету механизмдері.
  7. Әлеуметтік-экономикалық жүйелердің инновациялық дамуын басқару және үлгілеу тәсілдері мен технологиялары.
  8. Қазақстан Республикасының әлемдік экономикалық кеңістікке қосылуы жағдайындағы экономикалық қауіпсіздігі.
  9. "G-Global - EXPO 17" болашақ энергиясы.

 

Конференцияға қатысуға студенттер, магистранттар, докторанттар, ғылыми қызметкерлер, профессорлық-оқытушылық құрам және барлық қызығушылық танытқан тұлғаларды шақырамыз.

 

Конференция өткізілетін тілдер: казақ, орыс, ағылшын.

Конференция өткізу формасы: сырттай.

 

 

Ұйымдастырушылық сұрақтар

 

Конференцияға қатысу үшін 2015 жылдың 1 қарашасына дейін  This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it. электрондық мекен-жайына жеке файлдармен қатысуға өтініш пен мақаланы жіберу керек. Хаттық тақырыбында «конференция» сөзін жазу міндетті. Файлдардың атына мақаланың бірінші авторының фамилиясын көрсету қажет. Конференцияның ұйымдастыру Комитеті материалдарды іріктеп, техникалық түзетулер енгізуге құқылы.

Конференция нәтижесі бойынша ISBN берілген электрондық материалдар жинағы шығарылады. Жинақтың электрондық нұсқасын 2015 жылдың 1 желтоқсанынан кейін «Қаржы академиясы» АҚ сайтынан https://fin-academy.kz/ жүктей аласыздар.

 

Конференцияға қатысу тегін. 

Скачать: МАҚАЛАНЫ РӘСІМДЕУ ЕРЕЖЕЛЕРІ

1. Кафедра профессоры:  “ Есеп, аудит және ақпараттық технологиялар ”-1; “Экономика және менеджмент”-1; “Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер”-1.

3. Кафедра доценты: “Экономика және менеджмент”-3; “Есеп, аудит және ақпараттық технологиялар”-2;

4. Кафедра аға оқытушысы: “Қаржы”-4; “Экономика және менеджмент”-2; “Есеп, аудит және ақпараттық технологиялар”-5;

5. Кафедра оқытушысы: “Қаржы”-1; “Экономика және менеджмент”-1; “Есеп, аудит және ақпараттық технологиялар”-2; “Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер”-1.

Құжаттарды қабылдау мекен-жайы: Астана қ., Есенберлин көш., 25, каб. 315, тел. 8 (7172) 38-13-80, сайт:  fin-academy.kz

Құжаттарды қабылдау хабарландыру жарияланған күннен бастап 30 (отыз) күнтізбелік күн ішінде жүргізіледі. Қажетті құжаттар тізімі: өтініш, кадрларды есепке алу бойынша жеке парағы; өмірбаян; жоғары білімі мен академиялық және ғылыми дәрежесі туралы дипломдардың, ғылыми атағы туралы құжаттың нотариалды расталған көшірмелері; қайта даярлау және біліктілікті арттыру туралы сертификаттардың көшірмесі (болған жағдайда); анкет; соңғы жұмыс орнынан мінездеме (қажеттілігінше); ғылыми жұмыстар мен өнертабыстарының тізімі (болған жағдайда); № 086 нысанындағы медициналық анықтама және флюрография суреті.

          Жүктеп алу: Өтініш

          Жүктеп алу: Конкурсқа қатысушының анкетасы

 

2015 жылдың 24 сәуірінде «Қаржы академиясы» АҚ «Нұрлы жол: ЕЭО аясында Қазақстанның қаржы-экономикалық жүйесі дамуының жаңа бағыттары» тақырыбында студенттердің, магистранттардың және жас ғалымдардың ІІ-ші республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясы болып өтті.

Конференция қорытындысы бойынша әрбір секцияда келесі жеңімпаздар анықталды:

1 секция - Еуразиялық экономикалық одақ: жаңа нарықтар - жаңа мүмкіндіктер

1-ші орын – Абдикаимов С.А., Қыдырша М.М., Сансызбаев Ш.А. «ҚАЗАҚСТАН ЭКОНОМИКАСЫНДАҒЫ ШЕТЕЛ ИНВЕСТИЦИЯСЫНЫҢ РӨЛІ» (Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті)

2-ші орын –  Донцова Е. «ЭКОНОМИЧЕСКАЯ ЭФФЕКТИВНОСТЬ ИНТЕГРАЦИИ КАЗАХСТАНА В ЕВРАЗИЙСКИЙ ЭКОНОМИЧЕСКИЙ СОЮЗ» («Қаржы академиясы» АҚ)

3-ші орын – Жидилова Ж. Е., Садыкова А.Н. «ВЛИЯНИЕ ДОХОДОВ НА УРОВЕНЬ ЖИЗНИ НАСЕЛЕНИЯ» («Қаржы академиясы» АҚ)

3-ші орын - Қалиев А., Самарханов Д. «ҚАЗІРГІ ЗАМАНДАҒЫ НЕЙМИНГ РӨЛІ. ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ МЕЙРАМХАНА НЕЙМИНГІ ЖӘНЕ БАСТЫ МӘСЕЛЕЛЕР» (Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті)

Сәтті қатысқандары үшін сертификат иегерлері:

  1. Утегалиева А.Б. «СОСТОЯНИЕ ЭКОНОМИЧЕСКОЙ БЕЗОПАСНОСТИ РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН» («Қаржы академиясы» АҚ)
  2. Сагадиев Т.Р. «РОЛЬ ЧЕЛОВЕЧЕСКОГО КАПИТАЛА В ИННОВАЦИОННОЙ ЭКОНОМИКЕ» («Қаржы академиясы» АҚ)
  3. Алжанов Б.Н. «ЕВРАЗИЯЛЫҚ ЭКОНОМИКАЛЫҚ  ОДАҚ: ЖАҢА НАРЫҚ – ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕР» («Қаржы академиясы» АҚ)
  4. Ахметжанов А.Е. «ПРОБЛЕМЫ ВСТУПЛЕНИЯ РКВ ВТО» («Қаржы академиясы» АҚ)  

     толығырақ

«Қаржы Академиясы» АҚ магистранттары 2015 жылғы Астана экономикалық форумын ұйымдастыруда сессия жұмыстарына белсене қатысты: 

  • Сұлтанғазин С. – Астана экономикалық форумның қатысушыларының екі жақты кездесулерінің волонтеры –бағыт көрсетушісі;
  • Мукажанов А. -  Африка – әлемдік экономиканың келесі драйвері;
  • Абильдина А.- «Монеталық саясат  және оның экономикалық өсуге әсері». 

Магистрант  Абдильдина Асем

Жоғарғы оқу орнынан кейінгі факультеттің деканы, экономика ғылымдарының докторы , профессор Сапарова Г.К. «Өндірістік қауіпсіздік – қазіргі заман шыңы» сессиясына қатысты. 

Суретте АЭФ катысушылар солдан онға қарай: академик Оразалы Сабден, д.э.н. профессор Сапарова Г.К.,академик Калиев Г.А, , академик Молдашев А.Б.

         1. “Қаржы”; “Есеп, аудит және ақпараттық технологиялар”; “Экономика және менеджмент”; “Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер” кафедраларының меңгерушісі.

         2. Декандар: жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру факультеті - 1, жоғары білім беру факультеті – 1.

         3. Кафедра профессоры: “Қаржы” - 1; “Есеп, аудит және ақпараттық технологиялар” - 2; “Экономика және менеджмент” - 2; “Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер” – 2.

         4. Кафедра доценты: “Қаржы” - 3; “Есеп, аудит және ақпараттық технологиялар”- 4; “Экономика және менеджмент” - 4; “Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер” – 3.

         5. Кафедра аға оқытушысы: “Қаржы” - 10; “Есеп, аудит және ақпараттық технологиялар”- 5; “Экономика және менеджмент” - 5; “Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер” – 3.

         6. Кафедра оқытушысы: “Қаржы” - 2; “Есеп, аудит және ақпараттық технологиялар”- 4; “Экономика және менеджмент” - 1; “Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер” – 2.

         Құжаттарды қабылдау мекен-жайы: Астана қ., Есенберлин көш., 25, каб. 315, тел. 8 (7172) 38-13-80, сайт:    fin-academy.kz

         Құжаттарды қабылдау хабарландыру жарияланған күннен бастап 30 (отыз) күнтізбелік күн ішінде жүргізіледі («Егемен Қазақстан», «Казахстанская правда» газеттері). 

         Қажетті құжаттар тізімі:

         1) өтініш,

         2) кадрларды есепке алу бойынша жеке парағы;

         3) өмірбаян;

         4) жоғары білімі мен академиялық және ғылыми дәрежесі туралы дипломдардың, ғылыми атағы туралы құжаттың нотариалды расталған көшірмелері;

         5) қайта даярлау және біліктілікті арттыру туралы сертификаттардың көшірмесі (болған жағдайда);

         6) анкет;

         7) соңғы жұмыс орнынан мінездеме (қажеттілігінше);

         8) ғылыми жұмыстар мен өнертабыстарының тізімі (болған жағдайда);

         9) № 086 нысанындағы  медициналық анықтама және флюрография суреті.

            * Конкурсанттың таныстыруы (5 мин.)

          Жүктеп алу: Өтініш

             Жүктеп алу: Конкурсқа қатысушының анкетасы